«Балеркем» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Сарыағаш ауданының «Балеркем» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Ақниет ауылы Тұрдықулов көшесі №20 |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон: 87054520707 меңгеруші, 87011512982 әдіскер Электрон поштасы: Yaslisad.balerkem@mail.ru Web сайт. https://balerkem-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Байболатова Багила Сабировна ЖШС «Балеркем» б/б құрылтайшысының 2019 жылғы 02 мамыр № 1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 02.05.2019ж өткен. БСН 190540001984 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | KZ59RVK00023384 хабарлама 18.04.2020ж |
| 7 | Құрылған жылы | 2019жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты типтік |
| 9 | Топтар саны | 6топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер:Ӏ ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 2-топ 4 жас — ересек топ, 20-25 минут 2-топ 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут 2 топ 2 жас – кіші топ, 10-15 минут |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 140 балаға арналған. 26.07.2019 жылы №X.08.X.KZ75VWF00009672 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада соғылған. Балабақша 140 орындық, 6 топ жұмыс жасайды. «Еркетай», «Балбөбек» Кіші топтар 2 жас, «Балдәурен», «Балапан» ортаңғы топтар 3 жас, «Қарлығаш» «Бәйтерек» ересек топтар 4 жас. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Биылғы 2026-2027 оқу жылына жас ерекшеліктеріне сәкес «Қарлығаш» тобын МАД тобына қостық.Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 6 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.